Көктемгі су тасқыны. Қояндыда үш күннен бері 11 мың текше метрден астам су сорылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының басшысы Бауыржан Бейсенханов мәлімдеді. 

Оның айтуынша, 1 сәуірден бастап ТЖД жанынан тасқынға қарсы іс-шаралар бойынша шұғыл штаб құрылған. 

Қала ішінде үйлер мен аулалардың  су басу жағдайы тіркелген жоқ. Алайда жеке тұрғынүй секторларындағы көшелерді кішігірім су алған жайттар бар. Ол жерде қалалық коммуналдық қызмет пен ТЖД қызметкерлері суды сору бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр, - деп атап өтті басқарма басшысы. 

Сонымен қатар ол елорда мен Ақмола облысының құтқарушылары арасында су тасқыны қатері кезінде өзара әрекет ету жоспары бар екендігін алға тартты.

Осы жоспарға сәйкес, біз Ақмола облысы ТЖД көмек көрсетеміз. Атап айтқанда, Целиноград ауданы Қоянды ауылында үш күннен бері 8 адамнан тұратын жеке құрам 3 техника бірлігі мен сорғылық станция ресурстарын қолдана отырып, жұмыс істеп жатыр. Осы уақыт ішінде 11 мыңнан астам текше метр суды сорылды, - деді Төтенше жағдайлар басқармасының өкілі. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы