Көктемгі су тасқыны: Павлодар облысында 43 елді мекенге қауіп бар

Ертіс өңірінде көктемгі су тасқыны кезеңінде 43 елді мекенге қауіп төнеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл түскен жауын-шашын мөлшері нормадан 55%-ға артық.

Облыстық төтенше жағдайлар басқармасының басқарма бастығы Шакир Ахметовтың айтуынша, қардағы су қоры нормадан 26%-ға жоғары және өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштерден 52%-ға жоғары

Кей аудандарда топырақтың қатыуы екі метрден асып жығылады. Шарбақты, Успен аудандарында жердің қатуы терең. Оған қоса, үстіміздегі жылдың ақпан айының алғашқы күндері жауын-шашын молынан түсіп, республикалық және облыстық маңызы бар жолды су басы қаупі төнді. Шұғыл әрекет жасалып, су өткізу құбырлары тазартылды, - дейді Шакир Ахметов.

Нақтырақ айтқанда, Ақтоғай ауданының шекарасындағы Сілеті және Май ауданында Ертіс өзенінің жағалауы тазартылып, бекітілді.Жыл сайын қауіп төнетін "Қалқаман-Баянаул-Үміткер-Ульяновский" автожолының 105-ші шақырымы күрделі жөндеуден өтуде.

Қазіргі уақытта елді мекендерді аралап жатырмыз. Қар басқан аумақтарды тазартуға баса назар аударамыз. Осы күнге дейін 600 мың текше метрден астам қар шығарылды. Cу басуы ықтимал ауылдардың басым бөлігі Баянауыл ауданында орналасқан. Бұл жерде 17 елді-мекен бар. Бес жыл бұрын тиісті шаралар қолға алынғандықтан, қауіп сейілді. Бақылаудан алынған жоқ, - дейді басқарма бастығы.

Наурызда ауа температурасы нормаға сай болады.

Наурыздың онкүндігінде ауа температурасының қысқамерзімді көтерілуі байқалады. Жауын-шашын көлемі нормадан артық болады. Ылғалды қар, жауын түседі көтеріледі. Қазіргі уақытта қардың көп түсуі Железин, Ертіс аудандарында тіркелген, - дейді "Қазгидромет" филиалының бөлім басшысы Оксана Овсянникова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы