Көктемгі-қысқы аңшылық маусымы. Қай жерлерде жануар атуға рұқсат етілмейді
Ертіс өңірінде тамыз айының соңында көктемгі және қысқы аңшылық кезеңі басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
Облыстағы орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекцияның басшысы Руслан Түлепбаевтің айтуынша, бекітілген кестеге сәйкес қаз, үйрек, қасқалдақ, борсық, құр, шіл, қабан, қоян, түлкі, қарсақ және сібір елігін аулау маусымы басталады.
Бекітілген квотаға сәйкес биыл 28 мыңнан астам үйрекке, екі мыңнан астам қаз бен қасқалдаққа және мыңнан астам құрды ұстауға рұқсат етіледі. Облыс аумағында 38 аңшылық шаруашылық нысаны болса, олардың 28-де ғана аңшылыққа рұқсат бар. Бұл жерлерде квоталар бар. Аңшылық кезеңінде жауапты мекеме қызметкердері рейдтік шараларды күшейтеді, - дейді Руслан Түлепбаев.
Айта кетейік, облыста «Қызылтаң» зоологиялық қорығы, «Баянауыл» ұлттық паркі, «Ертіс орманы» табиғи резерваты және Ертіс өзенінің жайылымы аумағында аңшылық жүргізуге қатаң тыйым салынған.
Қазіргі уақытта салалық мекеме облыс тұрғындарына аң аулауға 33 мыңнан астам рұқсат қағаз берілген. Олардың басым бөлігі құстардың ұстау үшін үлестірілген. Сонымен қатар, жүз мыңнан астам құжат тұяқты аңдар мен екі мыңнан астам терісі қымбат аңдарды атуға арналған.
Өңірде кей жыртқыш құстардың санын реттеу бойынша ғылыми жұмыстары атқаруда. Мәселен, биыл Ертіс өзенінің балық әлеміне зиян келтіретін суқұзғындардың екі мыңнан астам басын ату жоспарланған. Мамандар жыртқыштардың қоректену, ұя салуы мен өзге тіршілік ерекшеліктерін зерттейді. Жұмыстар қараша айына дейін аяқталады, - дейді облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бөлім басшысы Жасұлан Жұмашев.