Кеше 2026, 21:20
Фото: freepik
Көктемгі кезең: мұздағы қауіпсіздік ережелері күшейтілді
Осы кезеңде құтқарушылар 34 адамды, оның ішінде 13 баланы аман алып қалған.
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды Наурыз мейрамын тойлау кезеңінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Көктем мезгілінде су айдындарындағы мұз жұқарып, қауіпті бола түседі. Сырт көзге берік көрінгенімен, оның құрылымы әлсіреп, жазатайым оқиғаларға себеп болуы мүмкін.
Ведомство мәліметінше, осы кезеңде құтқарушылар 34 адамды, оның ішінде 13 баланы аман алып қалған.
Алдын алу шаралары аясында:
- 28 мыңнан астам рейд пен патрульдеу жүргізілді;
- 102 мыңнан астам азаматпен түсіндіру жұмыстары өтті;
- 47 мыңға жуық балықшыға қауіпсіздік нұсқаулықтары берілді.
Соған қарамастан, кейбір азаматтар қауіпсіздік талаптарын елемей отыр.
ТЖМ ескертеді: мұз қату және еру кезеңінде мұзға шығуға қатаң тыйым салынады.
Қауіпсіздік ережелері:
- жұқа мұзға шықпау;
- топ болып жиналмау;
- жарықшақтар мен ойықтарға жақындамау;
- арнайы рұқсат етілмеген жерлерде көлікпен мұзға шықпау.
Мамандар азаматтарды сақ болуға шақырып, әрбір адамның өмірі маңызды екенін еске салады.