Көктемгі егіске 400,26 мың тонна көлемінде дизель отыны бөлінеді – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында айтты.
Ауыл шаруашылығы министрлігі жыл сайын облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, республиканың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерне мұнай өнімдеріне деген қажеттілік көлемін айқындайды және Энергетика министрлігіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге дизель отынын жеткізу көлемі туралы ұсыныстар енгізеді, - деді министр.
Болат Ақшолақов атап өткендей, министрлік график бекітеді.
Бүгінгі күні Энергетика министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп «Облыстарды Мұнай өңдеу зауыттарына көктемгі егіс жұмыстары үшін дизель отынын жеткізу бойынша бекіту графигін» бекітеді, оның аясында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қажеттілік 400,26 мың тонна көлемінде бекітілді, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы