Көктемгі егіс жұмыстарына 419 мың тонна дизотын бөлінді - министрлік

Биыл елімізде көктемгі егіс жұмыстарына 419 мың тонна дизель отыны бөлінген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында мәлімдеді.

Мәселен, көктемгі егіс жұмыстарына өткен жылы 400 мың тонна дизель отыны бөлінсе, биыл 419 мың тонна бөлінді. Осы жылы министрлік Ауыл шаруашылығы министрлігімен, әкімдіктермен және ҚазМұнайГазбен бірлесіп біркелкі жеткізу кестесін дайындады. Өткен жылы айына 20 мың тоннадан 152 мың тоннаға дейін ауытқыса, осы жылы айына 81 мың тоннадан 117 мың тоннаға дейін бірқалыпты қарқынмен жеткізілді, - деді ведомство басшысы.

Айтуынша, біркелкі жеткізу кестесі жанармай құю станцияларына көбірек дизель отынын жіберуге мүмкіндік берді.

Егіншілер үшін дизель отынының бағасы – 1 тонна үшін 222 мың теңге немесе 1 литр үшін 184 теңге. Егер дизель отынын жеткізу бойынша операторлардың шығыстарын ескеретін болсақ, онда егіншілерге жеткізу кезіндегі орташа баға 1 литр үшін 204 теңге болады. Бұл автожанармай құю станциясындағы бағадан 31 пайызға төмен, - деді министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ Архив
Өзгелердің жаңалығы