10 Наурыз 2022 2022, 09:32

Көктемгі-егіс жұмыстарын уақытылы әрі сапалы жүргізу керек – Смайылов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында айтты.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында айтты. 

Ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, оның экспорттық әлеуетін де арттыру – аса маңызды мәселе. Осы тұрғыда көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы әрі сапалы жүргізу керек. Бұл – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өзекті мәселе, - деді ол. 

Премьер-министр атап өткендей,  Үкімет науқандық жұмыстарды қаржылық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін қажетті барлық шешімді қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Айдарбек Сапаров 2022 жылы жалпы егіс алаңы 23 млн 100 мың гектарды құрайды. Бұл былтырғы көрсеткіштен 125 мың гектарға көп. Өндірісті әртараптандыру мен мономәдениеттен кету жалғасып жатқанын айтқан болатын.