Көктемгі егін жұмыстары Ұлытаудан басқа барлық өңірде аяқталды

Ұлытау облысында жауын-шашынның көп байланысты науқан созылып кетті, аптаның соңына дейін жұмысты аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев көктемгі егіс жұмыстарының  алдын ала қорытындылары туралы айтып берді. Әкімдіктердің деректері бойынша жалпы егіс алқабы 23,4 млн гектарды құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 68,6 мың гектарға артық.

АШМ басшысы жекелеген егістік түрлеріне тоқталды. Атап айтқанда, дәнді дақылдар 15,6 млн гектарға, майлы дақылдар 3,3 млн гектардан аз алқапқа егілді. Картоп алқабы ұлғайып, 197,5 мың гектарға жетті. Ал қант қызылшасының алқабы 19 мың гектарға жеткізілді, бұл 2022 жылғы деңгейден 7,4 мың гектарға көп.

Егіс науқаны кезінде тұқым материалын, арнайы техниканы және ЖЖМ қамтамасыз етуде мәселелер байқалмады, - деп атап өтті министр.

Қазіргі уақытта министрлік Энергетика министрлігіне жіберілетін егін жинау науқанын жүргізу үшін арзандатылған дизель отынына жалпы өтінім қалыптастырып жатыр. Gosagro.kz порталында фермерлер 368,2 мың тонна отынға 28,5 мыңнан астам өтінім берді.

Биылғы жылға шамамен 704 мың тонна тыңайтқыш енгізу көзделіп отыр. Осы бағыт бойынша субсидияларды алуда барлық проблемалық мәселелер шешілді, төлем өңірлерді қаржыландыру жоспарына сәйкес жүзеге асырылады, деп атап өтті Ербол Қарашөкеев. Бүгінгі таңда фермерлерге 464,7 мың тоннадан астам тыңайтқыш жөнелтілді.

Айта кетейік, «Қазгидромет» РМК деректері бойынша биыл егін үшін қолайлы ауа райы болжанып отыр, маусым айында республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашын болады деген болжам бар.

Жалпы АШМ мен республикалық жедел штаб көктемгі егіс және алдағы егін жинау науқанын өткізу мәселесін бақылауда ұстап отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ архив
Өзгелердің жаңалығы