Көктемде күн райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК 2025 жылдың көктеміндегі наурыз, сәуір, мамыр айларына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазгидромет" болжамы бойынша осы мезгілде температура ауытқулары мен жауын-шашын болады.

Наурыз - мамыр айларында күтілетін ауа райының консультативтік ұзақ мерзімді болжамына сәйкес, Қазақстан аумағында температуралық фон әдеттегіден жылырақ, яғни нормадан 1-2 градусқа жоғары болады, алайда бұл ретте ауа температурасы төмен кезеңдер де болуы мүмкін.

Маусымға арналған ауа-райының консультативтік болжамын  "Қазгидромет" РМК ресми парақшасынан таба аласыз. Сайттың "Ауа-райы болжамы" бөлімінде “Мезгілдік консультативтік ауа-райы болжамы" бар, онда көктемге арналған алдағы ауа-райы жағдайлары туралы барлық өзекті ақпарат орналастырылған, - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов архив
Өзгелердің жаңалығы