«Көктем-2021». Су тасқынының алдын алу дайындығы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін көктемгі кезеңдегі ТЖ-ды жоюға дайындау мақсатында 2021 жылғы 4-5 наурыз аралығында «Көктем–2021» Республикалық командалық-штабтықоқу-жаттығу өткізілді.

Сондай-ақ су тасқыны болған кезде тұрғындар мен ел аумағын қорғауды ұйымдастыру бойынша басқарушылық шешімдер пысықталды.

Оқу-жаттығуға республикалық және облыстық Азаматтық қорғау қызметтері: орталық және жергілікті атқарушы органдар, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары қатысты.

Оқу-жаттығу шеңберінде өзара іс-қимыл мен орталық және жергілікті атқарушы органдарды хабардар ету мәселелері пысықталды.

Су тасқынына қарсы практикалық іс-шаралар, тасқын кезінде азаматтық қорғау күштері мен құралдарының халықтың іс-қимылдары бойынша тактикалық-арнайы жаттығулар жүргізіледі.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Ескелді ауданы Ешколмес ауылында РКШОЖ «Көктем-2021» шеңберінде практикалық іс-шаралар ұйымдастырып өткізді.

Оқу-жаттығу барысында шұғыл ден қою отрядтарын жинау ұйымдастырылды. Сондай-ақ, халықты эвакуациялау және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін облыс орталығынан құтқару бөлімшерінің күштері мен құралдары (жедел-құтқару жасағы, өртке қарсы бөлімдер, апаттар медицинасы орталығы) тартылды.

Барлығы 65 адам мен 20 техника қатысты.

Сондай-ақ, тұрғындарды эвакуациялау және АҚЖ жүргізу үшін ЖҚЖ, ӨСБ №3, «ӨС және АҚЖҚ» ММ, күштері тартылды.

Су тасқынында қауіпті аймақ саналатын Ешкөлмес ауылы. Осы уақыт ішінде ТЖ жою бөлімінің жеке құрамы, сондай-ақ №23 ӨСБ Қарабұлақ инженерлік техниканы тарта отырып, ирригациялық арықтар мен каналдардың жағаларын тазарту және нығайту жұмыстары жүргізілді.

Барлығы 500 метр суармалы арық желілері тазартылды.

50 қап инертті материалдар төселді.

Сондай-ақ, 2 шатыр орнатылды: жылытуға арналған пункті және эвакуацияға ұйымдастырылған тамақтану пункті, ұйықтайтын орындар, тамақтану орны қамтылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы