19 Қаңтар 2024 2024, 08:45
Фото: Архив BAQ.KZ
Көктайғақ, жел: 19 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
19 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз күн райы күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
19 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз күн райы күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, мұндай ауа райына кең ауқымды антициклон әсер етеді.
Елдің тек батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аудандарында атмосфералық фронттардың өтуімен құбылмалы ауа райы болжанады – қар жауып, жаяу бұрқасын болады.
Қазақстанның барлық аумағында – тұман, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.