Көктайғақ, жаяу бұрқасын: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды
6 желтоқсанда еліміздің 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында көктайғақ, облыстың солтүстігінде, орталығында тұман сақталады.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі.
Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Ақтөбе облысының түнде солтүстігінде, шығысында, күндіз шығысында көктайғақ күтіледі.
Жамбыл облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының батысында, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.