Көктайғақ, жауын-шашын: құтқарушылар астаналықтарға ескерту жасады
Астанада 6 ақпан күні қар жауып, көктайғақ күтіледі. Қала коммуналдық қызметі тәулік бойы жұмыс істеп, бір күнде 35 мың текше метрден астам қар мен мұз шығарылды. Қаланың көшелерін тазалау үшін 1 400-ден астам арнайы техника мен 400 жол жұмысшысы жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, түнде және таңертең тұман, күндіз бұрқасын болады, жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа 9-14 м/с жылдамдықпен соғады, кей кезде 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -1…-3°С, күндіз одан әрі төмендейді. 7 ақпанда боран күтіледі, ауа температурасы түнде -17…-19°С, күндіз -14…-16°С болады.
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауына шақырады:
- Көктайғақ кезінде абайлап және асықпай жүріңіз;
- Қатты жел немесе боран кезінде қажет болмаса, ғимараттан шықпаңыз;
- Жүргізушілер жолда қауіпсіз арақашықтықты сақтауы тиіс;
- Өрт қауіпсіздігі талаптарын орындаңыз.
Тұрғындарға жолға шықпауға немесе алыс сапарларды кейінге қалдыруға кеңес беріледі. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ауа райына байланысты бірқатар өңірде жолдар жабылды
Келесі жаңалық
Иран Парсы шығанағында екі танкерді ұстады
Өзгелердің жаңалығы