Бүгiн 2026, 13:13 Фото: ©BAQ.KZ архиві/ Арман Мухатов

Көктайғақ, жауын-шашын, боран: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Республика бойынша жел күшейеді.

"Қазгидромет" РМК 3-5 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Солтүстік-батыс циклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі. 4 наурыз күні елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр түрінде) болжанады. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман, сондай-ақ ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі, - деп хабарлады синоптиктер.

Еске салайық, бұған дейін метеорологтар наурызда ауа райы қандай болатынын болжаған еді.