Көктайғақ. Таразда 43 адам дәрігерге жүгінді
Жамбыл облысының тұрғындары ауа райының қолайсыздығына баланысты қиындықтарға тап болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің берген мәліметтеріне сүйенсек, Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының травматология бөліміне бүгін түске дейін 43 адам түрлі жарақатпен көмек сұрап жүгінген.
Оларға амбулаториялық көмек көрсетіліп, денсаулықтарына аса зиян келмегендіктен үйлеріне қайтарылған.
Зардап шегушілердің қатарында әзірге ауруханаға жатқызылғаны жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Роман Скляр жұмыс сапарымен Қытайға барды
Келесі жаңалық
Түркістан облысында сексеуіл тұқымын себу науқаны басталды
Өзгелердің жаңалығы