Бүгiн 2026, 01:29
Фото: BAQ.KZ архиві
Көктайғақ, қар және тұман: 13 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер жол қозғалысы мен жеке қауіпсіздікке сақ болуды, сондай-ақ ауа райына байланысты ескерту белгілерін қадағалауды ұсынды.
«Қагидромет» РМК бүгін, 13 наурызда Қазақстанның 13 өңірінде және Астанада дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің болжамынша, Астанада көктайғақ күтіліп, таңертең тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақмола, Жетісу, Алматы, Қарағанды, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Қызылорда облыстарында да боран, қар, тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтілуде. Кей өңірлерде желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін.
Синоптиктер жол қозғалысы мен жеке қауіпсіздікке сақ болуды, сондай-ақ ауа райына байланысты ескерту белгілерін қадағалауды ұсынды.