Көктайғақ, бұрқасын, тұман. Синоптиктер 5 облыста дауылды ескерту жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің 5 облысы мен 7 қаласында дауылды ескерту жасады. 

21 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерінде түнде қатты қар жауады, тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, кей жерде күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с.

Көкшетау қаласында 21 желтоқсанда бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады түнде екпіні 15 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 85-90%.

Нұр-Сұлтан қаласында 21 желтоқсанда бұрқасын, жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 85-90%.

21 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерінде тұман, көктайғақ сақталады, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, кей жерінде 25 м/с сақталады. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 95-100%.

21 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерінде қар, түнде кей жерінде қатты бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Қостанай қаласында 21 желтоқсанда қар, бұрқасын, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

21 желтоқсанда Ақтөбе облысының кей жерінде бұрқасын, көктайғақ сақталады. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерінде 15-20 м/с сақталады.

Ақтөбе қаласында 21 желтоқсанда түнде бұрқасын, солтүстік-батыстан желдің екпіні 15 м/с сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 85-90%.

21 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында кей жерде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан ауысады, күші кей жерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді. 21 желтоқсанда Өскемен қаласында қар, бұрқасын, желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. 21 желтоқсанда Семей қаласында қар, бұрқасын, желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі, - делінген синоптиктер хабарламасында.
21 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының кей жерінде жауын-шашын тұман, көктайғақ күтіледі.  

Орал қаласында 21 желтоқсанда тұман, көктайғақ болады. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы