Көктайғақ, бұрқасын, тұман: синоптиктер 11 өңірде ескерту жасады

Синоптиктер бүгін, 2 желтоқсанда Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанада бұрқасын, көктайғақ болады, түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың орталығында кей уақыттарда екпіні 23 м/с күтіледі.

Ақмола облысының басым бөлігінде, күндіз батысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында тұман.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады түнде облыстың батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар). Түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақытта 25 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы