Көктайғақ, боран: Астанада және 16 өңірде дауылды ескерту жарияланды
"Қазгидромет" РМК ертең, 7 желтоқсанда еліміздің бірқатар аймағында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әсіресе көктайғақ, тұман және боран салдарынан жолдарда қозғалыс қиындауы мүмкін. Ескерту Астана, Шымкент және 16 облыс аумағын қамтиды.
Астана қаласында 7 желтоқсан күні көктайғақ күтіледі.
Түркістан облысында батыста, оңтүстікте, орталықта және таулы аймақтарда тұман болады. Түркістан қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Шымкентте түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.
Жамбыл облысында түнде оңтүстік және таулы аудандарда, ал күндіз таулы аймақтарда көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман түседі. Тараз қаласында да кейде тұман күтіледі.
Маңғыстау облысында батыста, солтүстікте, орталықта тұман және көктайғақ күтіледі. Ақтауда түнде және таңертең көктайғақ болады.
Атырау облысында түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысында батыста, солтүстікте және шығыста тұман мен көктайғақ күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман сейілмейді.
Қостанай облысында күндіз батыста, солтүстікте және шығыста қар, боран және көктайғақ күтіледі. Сондай-ақ батыс, шығыс және оңтүстік аймақтарда тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде батыс пен солтүстікте аз қар, күндіз жалпы облыс аумағында қар жауады. Түнде батыс пен солтүстікте қарлы боран, көктайғақ болса, күндіз де боран мен көктайғақ сақталады. Көп аймақта тұман түседі. Петропавлда көктайғақ күтіледі.
Ақмола облысында қар, боран және көктайғақ күтіледі. Батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда тұман болады. Көкшетауда көктайғақ сақталады.
Павлодар облысының солтүстігі мен батысында қар жауып, төменгі боран күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында батыста, солтүстікте және шығыста қар, төменгі боран, көктайғақ болады. Солтүстік, оңтүстік және орталық аудандарда тұман түседі. Өскеменде көктайғақ күтіледі.
Абай облысында солтүстік, шығыс және орталық бөліктерде қар, төменгі боран мен көктайғақ болжанады. Батыс, оңтүстік және орталықта тұман күтіледі. Семейде түнде көктайғақ болады.
Қарағанды облысында батыс, солтүстік және шығыс бөліктерде көктайғақ, ал солтүстік, шығыс және оңтүстікте тұман түседі. Қарағанды қаласында көктайғақ және тұман күтіледі.
Ұлытау облысында күндіз солтүстік пен шығыста көктайғақ, ал солтүстік, шығыс және орталық аудандарда тұман болады. Жезқазғанда тұман түседі.
Қызылорда облысында түнде оңтүстікте, күндіз батыста көктайғақ болады. Солтүстік, оңтүстік және орталықта тұман түседі. Қызылорда қаласында да кей уақытта тұман байқалады.
Ақтөбе облысында күндіз солтүстік, шығыс және оңтүстік аудандарда көктайғақ күтіледі.
Синоптиктер тұрғындарды ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақтық шараларын сақтауға, ал жүргізушілерге ұзақ сапарларға шықпауды ескертеді.