Көксу зауыты қамыстан қант шығарып жатыр
Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысындағы Көксу зауыты алғаш рет қамыстан қант шығаруды қолға алды. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады.
Әкімдік таратқан мәліметте шикізат Бразилия мен Мексикадан әкелініп жатқаны айтылды.
Ал автоматтандырылған қондырғылар Австрия, Украина, Швеция, Германия елдерінен жеткізілген. Зауыт қамыстан күніне 300 тонна ақ қант өндіріп отыр. Қамыс пен қызылшадан өндірілетін қанттың құндылығы мен бағасы бірдей. Алайда қамысты өңдеу процесі тез. Сонымен қатар шикізаттан 99 пайыз өнім шығады, - делінген хабарламада.
Зауыт шілде айына дейін қамыс қантын шығармақ. Дегенмен көксулық диқандар қант қызылшасын өсіруді жандандыра береді.
Биыл 2600 га алқаптан 100 мың тоннаға жуық тәтті түбір алу жоспарланған. Ал Көксу қант зауыты биыл 60 мың тонна қант шығарады.
2023 жылға қарай облыс еліміздің ақ қантқа деген сұранысының 70% қамтамасыз етпек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
МСҚ: Алматылықтар қорға 105 млрд теңгеден астам жарна аударды
Келесі жаңалық
Исламабадта Қазақстан – Пәкістан саяси консультациялары өтті
Өзгелердің жаңалығы