Көкшетаулық студент ірі көлемдегі мефедронмен ұсталды
Көкшетауда джедел уәкілдер жергілікті колледждердің бірінің 19 жастағы студентін құрықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жазғы демалыстың екі айында жас жігіт қаланың әртүрлі бөліктерінде мефедрон психотропты затын салып, фотосуреттерді кураторларға жібергені белгілі болды. Тергеу амалдары барысында полицейлер оның ұялы телефонын тәркіледі.
Тінту барысында полицейлер мефедрон психотроптық заттың аналогы құрамдас 64 “зиплок” қалташасын тауып алып, тәркіледі, сараптамаға сәйкес оның салмағы 22,64 грамды құрады.
Қазіргі уақытта аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу кезеңінде айыпталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мәдениет және спорт министрі ABU отырысына қатысты
Өзгелердің жаңалығы