Көкшетаулық студент халықаралық байқаудан олжалы оралды

Көкшетаулық Альбина Әлібекова халықаралық шеберлік байқауынан олжалы оралды, деп хабарлайды Ақмола облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Францияда өткен байқауда Қазақстан құрамасының қоржынына медальонды Красный яр көпсалалы колледжінің 2 курс студенті Альбина Альбекова салды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер арасында өткен байқауда ол «Dress making, basic» құзыреттілігі бойынша үздік атанды.

Жеңімпазбен тілдесуге арнайы маман, тәлімгер Тамара Шевченко көмектесті.

Мен ауылда дүниеге келдім, Көкшетаудағы №4 нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернатта оқыдым. Ол жерде орта білім алдым, содан кейін құрылыс-технологиялық колледжіне түсіп, «сәндік-қолданбалы өнер» мамандығы бойынша үздік бітірдім. Содан кейін Красный ярдағы колледжде «Тігінші» мамандығы ашылатынын білдім. Оқу орны алыстау болса да әрекет етуді шештім. Тігін өндірісі және модельдеу мамандығы өзім ұнайды, – деп бөлісті Альбина Әлібекова.

Ол тігін өндірісінің негіздерімен мектептегі еңбек сабақтарынан таныс. Кейінірек құрылыс-технологиялық колледжінде ол өзі тіккен бұйымдары бойынша дипломдық жұмысты сәтті қорғады.

Тәлімгерім Францияда мүмкіндігі шектеулі жандар қатысатын «Abilympics» байқауына бара алатынымызды жазғанда, бастапқыда сене алмадым. Бұл менің көптен күткен арманым еді. Елімнің, өзім білім алып жатқан колледж атынан байқауға қатысудың өзі мен үшін мақтаныш болды. Қатысушылар әр елден келді. Еш жүрексінбей, өз-өзіме сенімді болдым. Осы жерде жасаған жұмысымды ол жақта да қайталай алатынымды білдім. Сонымен бірге басқа қатысушылардың жұмысы да мен үшін үлкен тәжірибе болды,– деп жалғастырды жеңімпаз.

Альбина бастапқыда сәл қобалжу болғанымен, қолына қайшыны алған сәттен бәрі ұмытылып, ерекше ерік-жігер пайда болғанын айтады.

Үшінші орынды хабарлағанда көңілім түсіп кетті. Мен кем дегенде үшінші орынға ие болатыныма сенімді едім. Кенет медальонмен марапатталатынымды хабарлағанда төбем көкке жеткендей болды, - деп есіне алады студент.

Тәлімгері Тамара Шевченко шәкірті жеңімпаздар қатарынан өз есімін естіген сәтте ерекше толқығанын жеткізді.

Бұл мен үшін күтпеген тосынсый болғаны рас. Қобалжығандықтан сахнаға еліміздің туын бірге алып шығуды ұмытып кетіппін. Бірақ байқаудағы әріптесім оны маған алып келді. Мен мұны үлкен мақтанышпен қабылдадым. Сол сәтте еліміздің көк байрағын бәрінен жоғары көтергім келді!, – деп ішкі тебіренісін жеткізді Альбина Әлібекова.

Тәлімгері, өндірістік оқыту шебері Гүлнар Алшынбаева Альбинаның матамен жұмыс істеу дағдылары колледждің алғашқы күндерінен бастап байқалғанын айтады.

Францияға бару туралы ұсыныс түскен сәттен дайындық жұмыстарын жүргіздік. Ол әр іске ыждаһаттылықпен кірісті. Бағыт-бағдар беріп, түсіндірдім. Оның алғырлығы, бейімділігі, эстетикалық қабылдауы және визуалды есте сақтау қабілеті ерекше дер едім. Бізде ұшар алдында соңғы тапсырма болды. Сізге блузка тігу керек болды. Францияға кетер алдында Альбина 4 блузка жасап үлгерді, – деді Гүлнар Алшынбаева.

Тәлімгер байқау төрешілерінің бірі болып таңдалғанын алға тартты.

11 елдің ішінен төрешілердің бірі ретінде таңдалдым. Альбина үшін қатты алаңдадым. Ол тапсырманы бәрінен бір сағат бұрын орындады. Барлығы таң қалды, - деп бөлісті тәлімгер.

Байқау қатысушылар үшін жаңа өмірге есік ашты. Бүгінгі таңда Альбина Әлібекова «Ақай» ательесіне жұмыс істеуге шақырту алды. Бұл студенттің тағы бір арманы – тігінші-сәнгер болуға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: кейіпкердің жеке қорынан
Өзгелердің жаңалығы