Көкшетаулық өрт сөндірушілер Красный Яр ауылындағы сабанның жануын сөндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Кеше, сағат 21:19-да Красный Яр ауылында ашық аумақта 80 шаршы метр алаңда сабан өртенді. Өрт сағат 22:25-те ауыздықталып, сағат 23:17-де сөндірілді, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт орнында барлығы 200 кг-нан тиелген 50 түк сабан болған. Өрт сөндірушілер жедел әрекеттерінің арқасында сабанның көп бөлігінің өртенуіне жол берген жоқ. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі – «Балалардың отпен ойнауы», материалдар әрі қарай тексеру үшін Көкшетау қаласының полиция басқармасына тапсырылды. Өрт сөндіру орнына 5 бірлік техника мен жеке құрамнан 28 адам жөнелтілді. 

 Ақмола облысының ТЖД Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау қажеттілігін еске салады. Өрт болған жағдайда «101» немесе «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы