Бүгiн 2026, 09:14 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Көкшетаудағы жанжал: Жасөспірім пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

Жасөспірім таныстарымен болған жанжал кезінде жарақат алған.

Көкшетауда 17 жастағы жасөспірім кеуде тұсынан алған пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Kokshetau Today Telegram-арнасының мәліметінше, кәмелетке толмаған жасөспірім облыстық балалар ауруханасына қатты қан кеткен күйде шұғыл жеткізілген. Дәрігерлер қажетті медициналық көмек көрсеткеннен кейін оны хирургия бөліміне жатқызды.

Ақ халаттылар науқастан кеуде қуысының кесіліп-тесілген жарақатын анықтаған. Қазір оның жағдайы тұрақтанғаны хабарланды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім 27 мамыр күні таныстарымен болған жанжал кезінде жараланған.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізіп, болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр.