Көкшетаудағы жанармай құю бекетінде жарылыс болды

Көкшетауда жанар-жағармай құю бекетінде жарылыс болып, 35 жастағы оператор көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға бүгін 16 ақпанда Көкшетау қаласының Солтүстік индустриялық аймағындағы «Qazaqoil» жанар-жағармай құю стансасының аумағында болған.

Жанармай тасымалдайтын екі цистерна жанып кетті.

Өрт 11:05-те оқшауланып, 20 минут ішінде толық жойылды. Өрт аумағы 35 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан жанармай құю бекетінің операторы 1988 жылғы ер адам қаза тапты. Өрттің шығу себебі анықталуда, – деді ведомство.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы