12 Шілде 2026, 19:50
Фото: pexels.com
Көкшетаудағы Қопа көлінде ер адам суға батып кетті
Құтқарушылар марқұмның денесін судан шығарып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Көкшетауда Қопа көлінде қайғылы оқиға болып, ер адам суға батып көз жұмды.
Алдын ала мәлімет бойынша, күндіз көл жағасында бір топ адам демалып жүрген. Біраз уақыттан кейін олардың бірі көзден таса болғаны байқалған.
Кейін 1988 жылы туған ер адамның суға батып кеткені анықталды. Қабылданған шараларға қарамастан, оны аман алып қалу мүмкін болмады.
Шомылу маусымы басталғалы бері еліміздің су айдындарында қаза тапқандар саны 15 адамға жетті. Мамандар мұндай қайғылы оқиғалардың негізгі себептері ретінде судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамауды және демалыс кезінде алкогольдік ішімдік тұтынуды атап отыр.