Көкшетаудағы мектеп ғимаратында жарылыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетауда мектеп ғимаратында табылған күдікті затқа байланысты адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.

24 мамыр күні Көкшетау қаласындағы білім ордасының бөлмесінде сымдары бар қаңылтыр банка табылды. Осыған байланысты полиция қызметкерлері аталмыш аумақты қоршап, адамдарды эвакуациялады. Жару-техник мамандары табылған құрылғыны зерттеді. Азаматтардың қауіпсіздігі мақсатында бекітілген іс-қимыл алгоритміне сәйкес, оны сол жерде жою туралы шешім қабылданды. Қажетті қауіпсіздік шаралары сақтала отырып, жарылыс жасалды, – деп түсіндірді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. 

Ведомстводан атап өткендей, қазіргі уақытта оқиға орнында Полиция департаментінің жедел - тергеу тобы және жарылғыш заттармен жұмыс істейтін техник мамандар қажетті шаралар атқаруда. 

Толығырақ мәліметтерді кейін қосымша хабарлайтын боламыз. Азаматтарға дүрбелеңге салынбауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз, – деп толықтырды ведомстводан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы