Көкшетаудағы «Ақмола дарыны» орталығы мектеп оқушыларының талантын ашуға көмектесуде

Көкшетауда «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау орталығы көп жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оның басты міндеті – балалардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту, мұндай қызметті ауыл балалары үшін де, әлеуметтік осал топтар үшін де қолжетімді ету, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облысында дарынды балалармен жұмыс жүйесі бірнеше бағытта құрылған. Бұл мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін дамыту және пәндік олимпиадалар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына жетекшілік ету, интеллектуалдық және шығармашылық жарыстар ұйымдастыру.

Осындай көп векторлы жұмыстар өз жемісін беруде. Мәселен, өткен оқу жылында ақмолалық оқушылар республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларында түрлі деңгейдегі 80 медаль жеңіп алды, оның 17-сі – «алтын».

Балалар қашықтықтан Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасы, "Жібек жолы" математикалық олимпиадасы, математика, физика және информатика бойынша Жәутіков олимпиадасы, "Жас ғалым" ғылыми байқауы, сондай-ақ Ө. Жолдасбеков атындағы  математика және механика бойынша халықаралық алаңдарда табысты өнер көрсетуде.  Ғарыштық зерттеулер бойынша "Ғылым әлемін ашамыз", "Математика және жобалау", Infomatrix компьютерлік жобалар бойынша жарыс, "Адам-Жер – Ғарыш" қоршаған орта мәселелері бойынша ғылыми – зерттеу жобаларының бүкілресейлік олимпиадаларынасқатысуда.

«Зерде» ғылыми-зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауы 2-7 сынып оқушыларының ең беделді және сүйікті байқауларының бірі.

Республикалық кезеңде Ақмола облысының құрама командасы 27 жобамен 29 оқушы өнер көрсетті. Соның нәтижесінде ақмолалық балалар жыл сайын дәстүрлі түрде жеңімпаз атанып, үздік командалардың бірі ретінде танылуда. Бізде 19 жүлде бар, – дейді орталық директорының орынбасары Аягөз Алдабергенова.

Жоғары сыныптар арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының ақтық кезеңінде Ақмола командасы 18 жобамен 22 оқушы өнер көрсетті. Нәтижесінде олар бір алтын, бес күміс және қола медальға қол жеткізді.

Сонымен қатар жігіттер М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан және С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің білім грантының иегерлері атанды, – деп қосты А.Алдабергенова.

Республикалық пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша ақмолалықтардың қоржынында 20 жүлде бар.

Үздік оқушыларды дайындаған «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы құрастырған 100 үздік мектеп командаларының рейтингіне "Білім-инновация" лицей-интернаты (30-орын) мен Көкшетаудағы №1 мектеп-гимназиясы (99-орын), - деп атап өтті әңгімелесуші.

Бұдан кейін облыс әкімі Ермек Маржықпаев Білім-инновациялық  лицей-интернатына 10, ал 1-ші мектеп -гимназикасына 5 миллион теңгенің сертификатын табыс етті. Бұл ақшаға оқу орындары жаңа модификациядағы кабинеттер сатып алды.

Республикалық олимпиадалар мен жарыстардағы ерекше жетістіктері үшін Ақмола облысының қатысушыларына Қазақстанның бірқатар жоғары оқу орындарының алты білім гранты берілді.

Сонымен қатар балаларымызға Алматы облысы Ақсу ауданы әкімінің грамоталары мен дипломдары, арнайы «Жас үміт» номинациясы және 100 мың теңге ақшалай сыйлығы табыс етілді. Олимпиаданы дайындаған үздіктер қатарында үш мұғалім аталды, - деп қосты «Ақмола дарыны» басшысының орынбасары.

Облыстық олимпиадаларда ақмолалық оқушылар 767 жүлдені жеңіп алды, оның 152-сі алтын медаль.

Облыстық кезеңдердегі жеңімпаздар саны бойынша – Көкшетау және Степногорск қалалары, Бұланды, Бурабай және Целиноград аудандары, «Білім-инновация» лицей-интернаты және Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты, – деп нақтылады Аягөз Жүнісқызы.

Жыл сайын зияткерлік сайыстардың жеңімпаздары ынталандыру ретінде – облыс әкімі кездеседі. Өңір басшысы балалардың жетістіктерін ғана емес, олардың тәлімгерлерінің де еңбегін атап өтеді. Мәселен, биылғы жылдың 1 маусымында Зерендідегі сауықтыру орталығында Ермек Маржықпаевпен кездесуге 85 бала жиналды. 50, 80 және 100 мың теңгенің сертификаттары табыс етілді. Ал 2-8 сынып оқушыларына балалар лагеріне жолдама берілді.

Балалар жылын мерекелеу аясында облыс әкімінің атынан 270 «Алтын белгі» иегері 100 мыңның сертификатына ие болды. Айтпақшы, олардың ішінде сег адам ғылыми олимпиадалар мен байқаулардың «сырттай» жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

Әсел Тұрар

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы