Көкшетауда жылу батареясы жарылып, үш әйел қаза тапты
2 қаңтарға қараған түні Көкшетаудағы пәтерлердің бірінде жылу батареясы жарылып, үйді ыстық су басып, салдарынан үш адам қаза тапқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полицияның мәліметінше, пәтер ішінен бекітілген. Құтқарушылар есікті ашып, 50, 56 және 59 жастағы үш әйелдің денесін тапқан. Анықталғандай олар үй иесі және оның екі құрбысы болған.
Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, өлімнің себебі күйік шогы. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне енгізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, - деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.
Полицияның айтуынша, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі өзгерістер
Өзгелердің жаңалығы