Бүгiн 2026, 09:43
Фото: ҚР ТЖМ
Көкшетауда жекеменшік үй өртеніп кетті
Ақмола облысында өртенген үйден құтқарушылар үш газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды.
Көкшетау қаласында таңертең ерте жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты.
Оқиға орнына алғаш жеткен бөлімшелер үйдің ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Өртті сөндіру барысында ТЖМ қызметкерлері үйден көлемі 27 литрлік үш газ баллонын алып шығып, ықтимал жарылыстың алдын алды.
Құтқарушылар өртті толық сөндіріп, жалынның көрші ғимараттарға таралуына жол бермеді.
Өрттің жалпы аумағы 168 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.