Көкшетауда жасөспірім қыз 12 қабаттан секірмек болған
Көкшетауда тәртіп сақшылары көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, бұл туралы бүгін мамырдың 9-да сағат 16.10 шамасында жедел басқару орталығына хабарланған. Қоңырау шалған адамның айтуынша, танысы Абай көшесі, 135 мекенжайындағы көпқабатты үйдің төбесіне секірмек болып көтерілген.
Шақыру орнына патрульдік полиция қызметкерлері Бейбіт Садықов пен Әділхан Қойбағар бағытталды. Сол маңдағы полиция бекетінде болған тәртіп сақшысы Нариман Нұржаксин бірінші болып жетті. Тәртіп сақшылары 12-қабатқа жоғары көтеріліп, үйдің шатырында тұрған қызды райынан қайтарып, төмен түсірді, - деді ведомстводан.
Қазір полиция 2009 жылғы жасөспірімнің мұндай әрекетке бару себебін анықтап жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыдан 283 шақырым жерде жер сілкінді
Келесі жаңалық
Жібек Құламбаева – Португалиядағы жарыстың жеңімпазы
Өзгелердің жаңалығы