Көкшетауда «Жас құтқарушылар» өз шеберліктерін көрсетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ақмола облысында «Жас құтқарушы» ІІІ республикалық слеті басталды. Слет республиканың барлық облыстары мен қалаларынан келген 17 команда құрамында 200-ден астам қатысушыны біріктірді. Салтанатты шара «Тәуелсіздік» алаңында өтіп, «Достар» МҮ жарыстың бірінші кезеңі, «Визит карточкасы» шығармашылық байқауы жалғасын тапты, деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли 2022 жылғы 9 мамырда Целиноград ауданы Ақмол ауылындағы су айдынында балаларды құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, ерлігі үшін Виктор Степанович Кулаевты «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапаттады.
Естеріңізге сала кетейік, іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға жан-жақты дамыту және дайындау, сондай-ақ төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын алу және жетілдіру.
Слет бағдарламасы бойынша жарыстардың келесі түрлері қарастырылған: «Өзін-өзі таныстыру», «Өрт эстафетасы», «Газет – жарнама қалқаны», «Алғашқы медициналық көмек», «Техногендік апат аймағындағы авариялық-құтқару жұмыстары», «Іздестіру-құтқару жұмыстары», «Су айдынындарындағы құтқару жұмыстары».
Айта кету керек, құтқарушы мен өрт сөндірушілердің кәсібі – оңай жұмыс емес. Алайда, бүгінгі таңда жастар бұл бағытты жиі таңдайды. Мұндай іс-шаралардың маңызды аспектісі – балаларды өрттен және басқа да төтенше жағдайлардан қорғау тәсілдері туралы хабардар ету. Бүгін алаңда барлық сынақтар мен дайындықтардан өткен Үздік жас құтқарушылар кездесті.