Көкшетауда жамбы ату мен теңге ілуден ел чемпионаты басталды

Көкшетау қаласында жамбы ату мен теңге ілуден жасөспірімдер, жастар, ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ат үстіндегі мергендердің біріншілігіне 15 өңірден 100-ге жуық жамбы атушы, 65 теңге ілуші келді.

Оның ішінде, жамбы атудан әлем чемпионы Ералхан Айкөз, Бақдәулет Бабажан, Абзал Тұлыбековтер де бар. Жамбышылар «қазақ», «түрік», «корей» стильдері бойынша мергендіктерін сынайтын болады. Теңге ілудің халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ғалымжан Ізжанов та осы жарыста бағын сынайтын болады.

Чемпионатты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы, республикалық «Жамбы ату» және «Теңге ілу» федерациялары мен Ақмола облысының әкімдігі ұйымдастыруда.

Жарыстың бас демеушілері – Alageum Electric және AlemAgro Holding компаниялары екі спорт түрі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге 7 000 000 теңге көлемінде жүлде қарастырған.

Турнирдің Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» АҚ, ал, серіктесі – Sportqory спортты қолдау қоры.

Айта кетейік, сайыстың финалдық ойындары 22 маусым күні өтетін болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы