Көкшетауда XVI халықаралық бокс турнирі өтті

Көкшетау қаласында КСРО спорт шебері Асқар Сатыбаевтың жүлдесіне арналған жастар арасындағы XVI халықаралық бокс турнирі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спорт және дене шынықтыру комитеті таратқан мәліметке сәйкес, жарысқа Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан келген 96 спортшы қатысып, өзара шеберлік байқасты. Бес күнге созылған дода барысында «Оқжетпес» ОСКДЮСШ спорт залында 86 кездесу өтті. Қазылар алқасының құрамына үш елдің білікті мамандары енді.

Турнир жеңімпаздары (салмақ дәрежелері бойынша):

  • 50 кг – Ерасыл Яуметдин (Маңғыстау)
  • 55 кг – Мадияр Аскертаев (Көкшетау)
  • 60 кг – Жанарбек Хуанышұлы (Павлодар)
  • 65 кг – Әли Мереке (Көкшетау)
  • 70 кг – Мұрат Мұхамбетқалиұлы (Ақтөбе)
  • 75 кг – Кирилл Покорский (Қостанай)
  • 80 кг – Игорь Волейчук (Қостанай)
  • 85 кг – Рамазан Асылхан (Ақтөбе)
  • 90 кг – Абдуллох Қадыров (Өзбекстан)
  • +90 кг – Мадияр Бозымбаев (Щучинск)

 

Арнайы марапаттар:

  • Турнирдің үздік боксшысы – Әли Мереке (Көкшетау)
  • Турнирдің үздік бапкері – Абзал Балтакискенов

Жалпы командалық есеп:

  • Қазақстан – 9 алтын, 9 күміс, 15 қола медаль
  • Өзбекстан – 1 алтын, 1 күміс, 2 қола
  • Тәжікстан - 1 күміс, 1 қола.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Өзгелердің жаңалығы