29 Қараша 2024 2024, 07:46
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Көкшетауда "Ұлы даланың ұлтаралық тілі" атты республикалық форум өтті
Көкшетау қаласының Достық үйінде "Мемлекеттік тіл - этносаралдық қатынас тілі" жобасын іске асыру аясында этностар арасында мемлекеттік тілді насихаттауға және дамытуға бағытталған "Ұлы даланың ұлтаралық тілі" республикалық форумы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.
Форум спикерлері қазақ тілін меңгерудің үздік тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара соңында форумға қатысушылар үшін Көкшетау қаласының көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды.