Көкшетауда шаруашылық құрылыс өртенді
Көкшетауда құтқарушылардың күштерімен өрт сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, бүгін түнде Көкшетау қаласында жеке тұрғын үйдің ауласында шаруашылық құрылыстан өрт шыққан.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби сауатты әрекеттерінің арқасында өртті жеке тұрғын үйге таралуына жол берілмеді. Өрт 30 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, -- делінген хабарламада.
Өрттің себебі анықталып жатыр.
Өрт туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ТЖМ ТМД-да баламасы жоқ техника сатып алды
Келесі жаңалық
Жеке куәлік пен паспортты қанша теңгеге жасатамыз?
Өзгелердің жаңалығы