19 Тамыз 2024 2024, 07:47 Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Көкшетауда құтқарушылар өрттен газ баллонын алып шықты

Көкшетаулық құтқарушылар өрттен газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көкшетаулық құтқарушылар өрттен газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Қаланың азық-түлік дүкендерінің бірінде өрт орын алды. Сөндіру барысында өрт сөндірушілер оттан 27 литрлік газ баллонын шығарды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

ТЖМ күшімен өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда.

ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.