Көкшетауда құрылыс аумағында өрт шықты
Ақмола облысының Көкшетау қаласында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйдің аумағында 30 шаршы метр аумақты құрайтын күзет будкада өрт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ мәлімет бойынша, өрт уақытылы сөндірілді. ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 2 бірлік техника жұмылдырылды.
Өрт болған жерде адам қаза тапқан.
Өрттің алдын ала себебі – электр жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтамау. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайық! – деп жазды ТЖМ баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодарда әйел көпқабатты үйден құлады
Өзгелердің жаңалығы