Көкшетауда құрылыс алаңы өртенді

Көкшетау қаласында шаруашылық құрылыстан өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті.

Белгілі болғандай, 60 шаршы метр алаңдағы шаруашылық құрылыстың шатыры өртенген.

Өрт сөндірушілердің сауатты әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол бермеді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - деп атап өтті ведомстводан.

Сондай-ақ өрттің себебі анықталып жатқаны айтылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақмола облыстық ТЖД
Өзгелердің жаңалығы