Көкшетауда қоғамдық көліктер саны қысқарды

Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Төтенше жағдай кезінде Көкшетауда жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктер саны уақытша қысқартылды. Бүгінде облыс орталығында қоғамдық көлікте жол жүру құны 80 теңгені құрап отыр. 

10 қаңтардан бастап «Көкшетау автобус паркі» ЖШС маршруттарды қысқартты. Автобустар сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жүреді.

Автобуспен қатынайтын тұрғындар саны азайды. Оның басты себептерінің бірі – студенттердің болмауы, мектеп оқушылары демалыста және елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты көп адамдардың үйден болуы. Сондықтан маршруттарды уақытша қысқарттық. Өңірде интернет желісінің болмауы жұмысызды ақсатты, күнделікті табысымызды есептеу мүмкін болмай отыр, - деп атап өтті «Көкшетау автобус паркі» ЖШС президенті.

Қазіргі уақытта қаладағы қоғамдық көліктерге күнделікті мониторинг жүргізіледі.

Екі-үш күн бұрын желі болмағандықтан,терминалдардың жұмысын тоқтатуы жұмысымызға кері әсер етті. Банктер жұмыс істемегендіктен тұрғындар көлік карталарын толтыра алмады. Содан кейін адамдарда қолма-қол ақша жоқ деген мәселе туындады. Тұрғындар арасында дүрлігу болмас үшін жол жүру ақысын уақытша 80 теңге деп бекіту туралы шешім қабылдадық,  – деді Әсия Шәрімова.

Компания басшысының айтуынша, қазір қалада банктер жұмыс істеп жатыр және адамдар карталарын толтыруға мүмкіндік алды. Қалада көлік карталарын толтыру Kaspi.kz бағдарламасы арқылы қол жетімді. Сонымен қатар, балансты Qiwi және 24 кассасы арқылы толтыруға олады. Сондай-ақ,Көкшетауда Абай көшесі,108 мекен-жайы бойынша орналасқан «Қазпошта» бөлімшесінде және Әшімов көшесі, 234 мекен-жайында орналасқан автобус паркі ғимаратының 2 қабатында, Kokshe Bus Tolem кеңсесінде лезде толтыру нүктелері бар.

Бүгінде 1 400 адам өз карталарын толықтырды, ал адамдардың қолында 80 мың карта бар. Қала тұрғындары те зарада көлік карталарын толтырулары керек. Біз төтенше жағдай аяқталғанға дейін бұл әдіс бойынша шығынмен жұмыс істей алмаймыз, - деп атап өтті компания басшысы.

Бүгінгі таңда «Infobus» қосымшасының жұмысы тұрақтанды, бірақ көптеген маршруттар әлі де жұмыс істей алмай отыр.

Барлық өңірлерде қалыптасқан ахуал оңай емес екендігін түсінеміз. Бізге жүйесіз жұмыс істеу қиынға соғуда, қай жолаушының қашан түскенін тексере алмаймыз. Электронды талондар қолданылатындықтан, жанар май құю да қиындық туғызғаны рас. Жүйе жұмыс істемегендіктен,  автобустар тұрып қалатын кездер аз емес. Басқа да мәселелер туындауда. Енді елдегі жағдай реттеліп, қалыпты өмірімізге ораламыз деп үміттенеміз, – деп түйіндеді Әсия Шәрімова. 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы