Көкшетауда мұғалім оқушылардың маңдайына «дәптер» деп ескерту жазған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетау мектептерінің бірінде мұғалім дәптерлерін ұмытпау туралы ескертуді күнделікке емес, оқушының маңдайына жазып жіберген. Осылайша 12 оқушының маңдайында «дәптер» деген жазба пайда болған.
Sputnik Казахстан мәліметіне сүйенсек, аталған оқиға 18 қазан күні №13 мектеп-гимназияда болған.
Мектеп директоры Светлана Ахметжанованың айтуынша, мұғалімнің 27 жылдық тәжірибесі бар.
Осы оқиғадан кейін мұғаліммен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кейіннен ол жұмыстан босатылған.
19 қазанда еңбек шарты біржақты тәртіпте бұзылды, - деп мәлімдеді мектеп әкімшілігі.Сонымен қатар оқу орнында қызметтік тексеріс жүргізілді.
Қазір сыныпта оқу процесі жалғасуда. Балалармен психолог жұмыс істеді, ал ата-аналармен жиналыс өткізілді, - деп қосты облыстың Білім басқармасындағылар.Бұл ретте кейбір ата-ана мұғалімге жақтасып, жұмыстан шығармауын өтінгендерін айта кеткен жөн. Олардың сөзінше, ата-аналар балаларының тәрбиесіне мән беріп, сабаққа дайындалуын қадағалауы қажет.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы