14 Сәуір 2021 2021, 07:23
Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйдің балконы опырылып түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйдің балконы құлады. Балконның бетон плитасы мен кірпіштері үйдің алдында тұрған көліктің үстіне түсті.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйдің балконы құлады. Балконның бетон плитасы мен кірпіштері үйдің алдында тұрған көліктің үстіне түсті.
Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай бүгін сағат 14:42 облыс орталығындағы Кенесары көшесі 25 мекенжайы бойынша орналасқан 5 қабатты тұрғын үйде болған.
Анықталғандай, көппәтерлі тұрғын үйдің ең жоғары 5 қабатындағы пәтердің балконы құлаған. Оқиға орнына ТЖД 3 техникасы мен 14 қызметкері барып, құлаған балконның орнындағы кіріпіш сынықтарын тазалады. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ, – деді ведомстводан.