БЖК - 2020: Көкшетауда кәсіпкерлікке бет бұрғандар саны артуда
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетауда "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында отандық өнім өндірушілердің қатары саны күн санап артып келеді.
Мемлекеттік қолдаудың көмегімен кәсібін жүргізіп отырған Көкшетаудағы "Промвзрыв" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі еліміздегі алтын, жез, мырыш өндіретін кен орындарын жарылғыш заттармен қамтамасыз етіп отыр.
Кәсіпорын "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында мемлекетті жартылай кепілдендіру бағдарламасының мүмкіндіктерін тиімді пайдалана білді. Осылайша "Даму" қоры арқылы 317 млн теңге несие алып, кеніштер мен құрылыс саласында қолданылатын эмульсиялық жарылғыш зат өндірісі желісін іске қосу үшін арнайы қондырғы сатып алған.
Өндірістік кешенде бұрғылау-жару жұмыстарына қажетті өнімдер шығарылады. Өнім негізінен пайдалы қазбалар өндірумен айналысатын өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін ауадай қажет.
Бағдарламаның арқасында несиенің пайыздық үстемесі төмендетіліп, шығын азайып, бизнес-жобаларымыз табысты іске асуда. Алдымен шикізат жеткізіліп, осы зауытта дайындалады. Қосындылар арнайы машинада 1-1,5 сағаттай химиялық реакцияға түседі. Содан кейін жарылғыш заттар түзіледі. Барлық жүйе автоматтандырылған. Яғни монитордан бақыланады. Биылдан бастап "Нипигормаш" ҰАҚ өндірістік желісі бойынша жаңа технология бойынша эмульсиялы жарылғыш заттар өндірісін қолға алдық. Ол ылғалға төзімділігімен ерекшеленеді. Жарылыс кезінде зиянды заттар жойылады. Бұрын бұрғылау жұмыстары кезінде жарылғыш заттар еріп кететін. Бастапқыда бұған сақтықпен қарап, өзіміз дайындаған гранулиттерді пайдаландық. Алайда эмульсия өздігінен жарылмайды. Ол ұңғымада жетіліп, сол жерде жарылғыш затқа айналады, химиялық процесс жүріп, екі компонент біріктіріледі. Сондықтан да эмульсиялы жарылғыш зат қауіпсіздік және әлеуметтік қатерлер тұрғысынан алғанда жаңа бағыт болып есептеледі Жарылғыш материалдар карьерлерге арнайы күзетпен жеткізіледі. Өнімге тапсырыс берушілер көп. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ, "Казақалтын" тау-кен комбинаты АҚ, "ERGKazakhstan", "КАЗФОСФАТ" ЖШС, "АлтынАлмас" АҚ, BI-Group компаниялары тұрақты клиенттер болып табылады, - дейді "Промвзрыв" ЖШС директорының орынбасары Қуат Қасенов.Облыс орталығындағы полиэтилен қаптар, орамалар шығаратын "Көкше City" кәсіпорны 2017 жылдың қараша айында "Қазақстанның Халық банкі" акционерлік қоғамының атсалысуымен пайыздық мөлшері төмендетілген қаржы алған. Биылғы жылдың наурыз айынан бастап іске қосылған кәсіпорынға "Даму өндіріс" бағдарламасы шеңберінде қолдау көрсетілді.
Алынған қаражатқа өндірістік кешен ғимаратын салып, жаңа қондырғылар сатып алдық. Жұмысымыз сәтті басталды. Жаңа желінің іске қосылуымен 95 жаңа жұмыс орны ашылды. Жұмысшылардың орташа жалақысы – 85-90 мың теңге. Кәсіпорын "Новопэк" ЖШС-нің еншілес компаниясы болып табылады. Зауыттың бір жылдағы өндірістік қуаттылығы 30 млн данаға жетеді. Негізгі шикізат Ресейден тасымалданады. Алдағы уақытта цехқа қосымша жабдықтар алу, өндіріс аумағын кеңейту жоспарда бар. Осы ретте әрине, "Бизнестің жол картасы - 2020" мемлекеттік бағдарламасы үлкен көмек көрсетіп отыр, - дейді "Көкше City" кәсіпорнының өндіріс жөніндегі директоры Асылбек Жұмабеков.Кәсіпорында жастар қатары да қалың екенін байқалады.
Жасым 23-те. Жеті ай бұрын осында жұмысқа орналастым. Бастапқы бір-екі айда білікті мамандардан жұмыс істеу тәртібін үйрендім. Қазір жіп шығаратын арнайы құрылғыда машинист болып еңбек етудемін. Ұжымға бірден үйренісіп кеттім. Жұмысым өзіме ұнайды, – дейді Бекзат Сапаров.Бағдарламаның шарапатын көріп отырған "Centre Esthetic" медициналық орталығында білікті дәрігер мамандар тұрғындарға медицианалық қызмет көрсетіп келеді.
"Еңбек" бағдарламасы арқылы алынған қаражатқа ғимарат сатып алдық. Өйткені бұған дейін жалға алу құны тым қымбат болған еді. Сондай-ақ, косметологиялық, стоматологиялық құрал, гинекологияда аса қажет құрал – кольпоскоп аппаратын алдық, - дейді орталық директоры Әсел Жантасова.Ақмола облысы бойынша кәсіпкерлікті дамыту қорының директоры Руслан Ахметовтың айтуынша, "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында соңғы екі жылда шағын және орта бизнесті дамытуға 975 млн теңге бөлінген.
Аталған қаражаттың 935 млн теңгесі игерілді. Осы уақыт ішінде өңірде 73 жоба 6% пайыздық мөлшерлемемен несиеге қол жеткізді. Несие 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Аталға жоба Халық Банкінің қатысуымен жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, Сбербанк, Форте банк "Еңбек" бағдарламасы бойынша жұмыс істеуде. Қор кеңесшілері келушілерге мемлекеттік бағдарламалар бойынша қолдау, бизнесті ашу мен оны дамыту жайында кеңес бере отырып, бизнес-жоспар жасауға көмек көрсетеді, несие пайызын субсидиялау мен кепілдік алуға мемлекет тарапынан беретін көмектерге құжат жинауға да жәрдемдеседі, - дейді Руслан Ахметов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы