Көкшетауда кәсіпкерлерге айыппұл заңсыз салынған

Көкшетауда әкімшілік істерді қарау кезінде кәсіпкерлердің құқықтары бұзылған, деп хабарлайды BAQ.KZ бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

Көлік прокуратурасы автожолдарда көлік құралдарының өлшемдерін өлшеу кезінде қателіктердің дұрыс есептелмегенін анықтады.

"Прокуратураның қадағалау актісімен Ақмола облысы көліктік бақылау инспекциясының 7 қаулысы заңсыз деп танылды. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтарға тарту туралы жалпы сомасы 1,6 млн теңгеге айыппұл алынып тасталды", - дейді ведомство.

Көлік прокурорлары осы жұмысты басқа өңірлерде де жүргізіп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы