Көкшетауда ХҚКО қызметкерлері жүргізуші куәлігін заңсыз бермек болған жерінен ұсталды

Көкшетауда полицейлер жүргізуші куәлігін заңсыз беру фактісінің алдын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Көкшетау ХҚКО қызметкерлерінің қылмыстық әрекеттерінің жолын кесу бойынша жедел іс-шаралар жүргізді. Осылайша, емтиханнан нақты өтпей, 100 мың теңге ақшалай сыйақыға жүргізуші куәлігін заңсыз беру фактісі анықталды.

Қыркүйек айында Назарбаев даңғылы мен Әшімов көшесінің қиылысында делдал ақша аударып жатқан жерінде полицейлер қазір қатысы бар-жоғы анықталып жатқан адамды ұстады. Жеке тінту кезінде ұсталған азаматтан 440 мың теңге тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы