Көкшетауда газ жарылып, 25 тұрғын эвакуацияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды. Алдын ала болжамдар бойынша өрттің шығу себебі отты дұрыс қолданбаудың салдарынан, газдың жарылуынан болған, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Көпқабатты тұрғын үйден өрт шыққаны жайлы жедел басқару пультіне хабар кешкі 16.50-де түскен. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қыметкерлері мен күш құрылымдары аттанған.
Жарылыстың қатты болғаны соншалық, өрт салдарынан үйдің балконы, жатын бөлмесі мен 30 шаршы метрлік дәліз зақымдалған. Өртті сөндіруге 6 техника мен 28 төтенше жағдайлар қызметкерлері жұмылдырылды. Абырой болғанда, зардап шеккендер болған жоқ, – дейді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.Өртті көзімен көрген куәгерлер қатты жарылыс болып, одан кейін өрттің тұтанғанын көргендерін айтады.
Өрт шыққан үйдің жанынан өтіп бара жатқанмын. Қатты жарылыстың дауысын естідім. Үйдің маңына адамдар жиналып қалғанын көрдім, – дейді Марат есімді қала тұрғыны.Құтқарушылар өрт қауіпсіздігін қатаң сақтау қажеттігін тағы да еске салды.
Өрттің алдын алу өрт сөндіруден әлдеқайда жеңіл. Өрт шыққан жағдайда дереу 101 немесе 112 құтқару қызметі телефондарына қоңырау шалыңыздар, – дейді құтқару қызметінен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы