25 Шілде 2026, 14:18 Фото: istockphoto.com

Көкшетауда екі жасар бала бірінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Бүлдіршін басынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Көкшетауда екі жасар бала бірінші қабаттың терезесінен құлап, басынан жарақат алды. Оқиғадан кейін бүлдіршін медициналық мекемеге жеткізілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, бала ауыр жарақат алмаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, биыл өңірде балалардың терезеден құлауына қатысты 12 оқиға тіркелген.

Құтқарушылар ата-аналарға қауіпсіздік талаптарын сақтап, кішкентай балаларды ашық терезенің жанында қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Мамандар терезелерге арнайы қауіпсіздік бекіткіштерін орнатуды ұсынады. Ал масаға қарсы торлар баланың салмағын көтере алмайтындықтан, құлаудан қорғайтын сенімді құрал болып саналмайды.