Алғашқы оқиғада 2019 жылы туған бала ұзақ уақыт бойы анасына есік ашпаған. Құтқарушылар альпинистік құрал-жабдықтың көмегімен бесінші қабаттағы балкон арқылы пәтерге кіріп, есікті ашқан. Бала анасына тапсырылды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.
Екінші жағдайда лифтіде бес адамнан тұратын отбасы қалып қойған. Олардың үшеуі – балалар. Қызмет көрсетуші ұйым мамандарын ұзақ күткеннен кейін оқиға орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келіп, лифт есігін ашып, адамдарды сыртқа шығарды.
Оқиғалар салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
ТЖМ азаматтарға балаларды қараусыз қалдырмауды және төтенше жағдай кезінде сабыр сақтауды ескертеді.