Бүгiн 2026, 07:14 Фото: BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Көкшетауда әйел мен оның екі баласы көміртек тотығынан уланды

Алдын ала мәлімет бойынша, улануға пештің ақаулығы себеп болған.

Көкшетау қаласында жеке тұрғын үйде көміртек тотығынан улану дерегі тіркелді. Оқиға кезінде үйде 1993 жылы туған әйел және екі кәмелетке толмаған бала болған, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, улануға пештің ақаулығы себеп болған. Сонымен қатар, әйел түнге қарай пештің жапқышын жауып қойған, нәтижесінде үй ішінде көміртек тотығы жиналған.

Үшеуі де облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Тексеруден кейін балалар үйлеріне қайтарылған, ал әйел ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалады.

Төтенше жағдайлар департаменті пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.