Көкшетауда 80 адамды алдаған 2 шенеунік сотталды
Көкшетауда қаржы пирамидасын құрған шенеуніктер бес жылға сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Almaty.tv-ға сілтеме жасап.
26 қазанда Көкшетауда қаржы пирамидасы туралы резонанстық қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды. WhatsApp арқылы қаржы пирамидасын ұйымдастырған екі басшы әрқайсысы бес жылға бас бостандықтарынан айырылды, – делінген Ақмола облысының прокуратурасының хабарламасында.
Шенеуніктердің кесірінен барлығы 80 адам зардап шеккен. Жалпы, келтірілген залал – 30 млн теңге. Сотталушылар сот үкімі бойынша зардап шегушілерге ақшаны қайтаруға міндетті.
Сотталушыларға коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық қызмет атқаруға 7 жыл тыйым салу түрінде қосымша жаза белгіленді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Спортшыларға ай сайын 300 мың теңге төленеді
Өзгелердің жаңалығы